Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетім көрсең – жебей жүр

05.02.2015 3210 0 пікір

ҚМДБ-на қарасты Ақтөбе облыстық «Зекет» қорының маманы Д.Өмірбектің бастамасымен, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде игі шара өтті.

«Алға аудандық жетімдер» үйінде тәрбиеленіп шыққан Ажар Жаңажановаға, қашанда жетім көрсе жүрегі елжірейтін мешіт жамағаты арасынан азаматтарымыз теледидар сыйға тартты.

Жуырда, облыс әкімдігі осы қызымызға қаладан 1 бөлмелі пәтерді тарту еткен болатын.

Шара соңында, мешітіміздің бас имамы Ә.Қ.Дәуренбеков дұға жасап, Аллаға шүкіршілік етіп, жоқтықта сабырлық таныту керектігін айтты. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Б.Е.Аетова

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру