Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісуда мәуліттің мерейі өсті

05.02.2015 3187 0 пікір

Алматы облысы, Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде мәуліт мерекесі облыстық көлемде кеңінен аталып өтті. Игі шараны ҚМДБ-ның, дін істері бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан мырза ашып берді.

Бір ерекшелігі биылғы мәуліт қазақ тілінде айтылды. Сонымен қатар, көптің көңілінен орын тапқан өнердің төрінде жүрген республикаға танымал «Өнер қырандары» өнерімен, «Меломен» тобының әншісі Жігер және де Қанатбек, Әлихан сынды әншілер Алланың елшісіне деген сағыныштарын әнмен жеткізді. Талдықорған өңіріне қарасты аудан бас имамдары, және қалалық мұсылман жұртшылығы қатысты. Мәулітке келген жұрттың көптігі сондай, залда ине шаншыр жер қалмады. Мәуліттің ашылуы қасиетті құран оқумен ашылды. Облыс көлемінде арнайы мүшайраға сынға түскен 3 орын 2 ынталандыру сыйлықтарымен қаржылай 5 адам марапатталды. Аталмыш шарада әз Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы салауаттар оқылып, көңілге ой саларлық Өнер қырандарының керемет қойылымдары халықтың жүрегіне жол тартты. Жиналған жұртқа Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы теолог, ғалым Алау Әділбаев Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмір таихынан сыр шерткенде, көздеріне жас алмаған адам қалмады.

Халықтың жүрек жарды тілектерінің ішінде «Осындай рухани кештер жылына бір-ақ рет емес, неге жиі өтіп тұрмайды екен» деген сөз көңілімізге қуаныш ұялатты. Лайым, Құдайым солай қылғай!

Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру