Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамағат жиынына бір жыл

04.02.2015 2975 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлының «Ынтымағы жарасқан ел озады», – деген  бастамасы аясында жамағат бауырмалдығы мен ынтымағын арттыру әрі ондағы жүргізілетін уағыздан рухани нәр алу мақсатында ай сайын кешкі жиын үзбей өткізіліп келеді.

Өткен жылдан бастау алып, мешітіміздің әдемі дәстүріне айналған осы жамағат отырысына биыл 1 жыл толыпты. Аталмыш жиын бастау алғанда саны 30 адамнан аспаушы еді. Қазіргі таңда жамағат саны 300-ге жетіп жығылды. Қаңтар айының 31-күні жамағат жиыны әдеттегідей орталық мешітте өткізілді. Онда барша жамағатқа өңір имамы Батыржан Берденұлы өз ризашылығын білдіріп, ай сайынғы басқосудың мән-маңызына тоқталды.

Аталмыш жамағат жиынында «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, теолог Қанат Жұмағұл «Әдет-ғұрып дінге қайшы ма?» атты тақырыбында уағыз жүргізді. Дінтанушы әр ұлтқа тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер бар екендігін айта келе, олар дінмен өзара ұштасатынына тоқталып, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар хадистерінен мысал келтіре отырып баяндады.

Кездесу соңында жамағат тарапынан сауалдар жолданып, оған тиісті жауаптар қайтарылды. Жиылған қауым: «Ешқайсысымыз діни сауатты емеспіз, сол үшін осындай имамдар мен ұстаздардың ілімдерін пайдаланып жүрер болсақ, бүгінгідей жік-жікке бөлінбей «Ынтымағы жарасқан ел озады» деген мақсаттың үдесінен шығарымыз сөзсіз», -  деген пікірлерін ортаға салды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру