Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам дінін қабылдаған Оля

04.02.2015 3280 0 пікір

Соңғы жылдары облысымызда Ислам дінін қабылдап жатқан өзге дін өкілдерінің саны артуда. Соның бірі Павлодар қаласа тұрғыны Оля атты қарындасымызға қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде Ислам дінін қабылдауға нәсіп болды.

Мешіт имамы Дулат Қабиденұлы оған хақ дініміздің құндылықтарын, Құран қасиеттері мен ақыретте тек ислам діні ғана қабыл болатындығын, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келуінің маңызы  жайында ашық та анық түсіндіріп, хақ дініміз жайында толық насихат айтты.

Оля қарындасымыз өзінің шын ниетімен кәлима шаһадат айтып, өзінің таңдауымен  оған «Жасмин» есімі  сүннет  бойынша  беріліп, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің наиб имамы Қасенов Есбол азан шақырды. Соңында Оляға асыл дініміз жайлы орыс тіліндегі кітаптар сыйға табысталды. Алда Оля 5 уақыт намаз оқуға ниет етуде. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру