Шымкентте ҚМДБ ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің Бас имамы А.П.Керімбектің бастамасымен құрылған жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) кезекті IV-отырысы өтті.
Аталмыш отырыста Шымкент қаласы бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-насихат жұмыстарының деңгейі және ЖАНТ мүшелерінің пайдаланып жатқан әдебиеттері талқыланды.
Сонымен қатар, наурыз айынан бастап ақпараттық-насихат жұмыстарының аумағы обылыс деңгейінде кеңейтілетіндігі айтылып, бұл жұмыстарды «Дін және дәстүр» тақырыбын негізге ала отырып жүргізілу керектігі тапсырылды.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2015
3227
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру