Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның туған айына арналған игі шара Ақмола облысы Қорғалжын ауданында да аталып өтті. Аудандық мәдениет үйіне жиналған жамағат діни көпшілік бағдарламаға қанық болды. Алдымен Сабынды ауылындағы медресенің шәкірттері мәуліт жырын оқыды.
Аллаға рахмет, пайғамбарға шапағат айтылатын мұндай мерекенің адамды ізгілікке үндейтіні анық. Қазіргідей ел имани құндылықтарға сусап отырғанда діни күнтізбелер негізінде діни шараларды көптеп өткізудің де маңызы зор.
Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінің наиб имамы Болатхан Қуанған құттықтау сөз сөйледі. Ол Мәуліт мерекесінің тағылымына тоқталып, пайғамбарды ұлықтау арқылы дініміздің беделін арттыратынымызды атап көрсетті.
Бұл шараның соңы жергілікті өнерпаздардың арнайы дайындаған имани әндерімен жалғасын тапты. Өз кезегінде аудан имамы Ұлан Нұрмағамбетұлы мәуліт мерекесін тойлау жамағатты рухани азықтандыратынын айтып, осы іске атсалысқандарға өзінің ризашылығын білдірді.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2015
3188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру