Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кітапханадағы рухани шара (ФОТО)

04.02.2015 3251 0 пікір

Орал қаласындағы Ақжайық  аудандық кітапханада «Дін мен дәстүр - егіз ұғым» атты рухани шара болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, аудандық мешіттің бас имамы Ерлан Әйтенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Хайруллин, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ғабдушев, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, жалынды жастар қатысты.

Облыс имамы Руслан қажы Тыныштықұлы жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құтықтап, Дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабы жайында кеңінен айтып, дәстүрлі дінімізді насихаттап, жас ұрпақты имандылыққа, көркем мінезді болуға, салиқалы ілім алуға шақырды.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Хайруллин  даналық сөзінде облыс имамы Руслан Тыныштықұлының рухани  әңгімесіне марқайып, имандық жолдарына Алла Тағала үлкен сауаптардан жазылып, еліміз аман , жұртымыз тыныш болсын, -деп дұға тілегін білдірді.

Көпшілік жиналған жамағат өкіл имамға көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, мағыналы мағлұматтар алды.

Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру