Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам ақсақалдармен кездесті

04.02.2015 3475 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау аудан орталығы Шетпе ауылының ақсақалдарымен кездесті.

Қазіргі таңдағы діни ахуал жайында баяндаған өкіл имам қоғамдағы діннің алатын орны ерекеше екендігін атап өтті. Діннің қоғам тыныштығы мен ынтымағын сақтауда үлкен маңызы барын айта келе, қазіргі діни алауыздықты тудыруға әрекет етуші теріс ағымдардан сақтануды ескертіп өтті. Әрине теріс ағымнан сақтану үшін мешітке келіп, имамның уағыз-насихатын тыңдап, имамға қолдау көрсету керектігін айтып өтті. Кездесуге Маңғыстау аудан әкімінің бірінші орынбасары Абзал Сарбалаев  және Шетпе ауыл әкімі Мүтәллапов Мұхтар Мүтәллапұлы қатысты.

Кездесу барысында аудандық мешітке жөндеу жұмыстарын қолға алу қажеттігі сөз болды. Көп жұмылса бітпейтін іс жоқ демекші ақсақалдар болып, аудан әкімдігі болып жәрдем ететіндіктерін айтып тарасты. 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру