Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресесіне ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Талғат Омаров келді.
Кездесу барысында Қызылорда облысынан келіп оқып жатқан 16 студенпен кездесті. Сондай-ақ, шәкірттерге өзінің ағалық алғысын айтып, сабақтарын жақсылап оқу қажеттігілін айтып өтті. Әсіресе 2014-2015 оқу жылын бітіруші 5 түлекке имамдық қызмет туралы тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу кезінде өкіл имам Талғат Омаров: «Мешіттер сендер сияқты мамандарды күтіп тұр, қызмет етуге асығайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қайырымды ағаларымыз мешіт салдырды, енді сол бос мешіттерге қызмет ету сіздердің міндеттеріңіз», – деп болашақ имамдардың бетін қақпай белін бүкті.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2015
3170
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру