Жуырда жаңадан құрылған облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының ұйытқы болуымен Шымкент қаласы облыстық «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының мәжіліс залында аудан, қала имамдарымен кездесу өтті.
Кездесуді облыстық ішкі саясат және дін істер басқармасының басшысы Берк Уалиұлы ашып, жүргізіп отырды.
Кездесудің негізгі мақсаты облыс, қала, аудан имамдарымен танысып, келелі кеңес, әңгіме сұхба жүргізу, облыс аумағындағы діни жұмыстар, шелімей жатқан проблемалар жөнінде пікір алмасты.
Кездесу барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек облыстағы діни ахуал жөнінде баяндама оқыды.
Жалпы, бұл жиында бірқатар мәселелер көтерілді. Онда Шымкент медресесінде имамдардың біліктілігін арттыруға арналған қысқа мерзімді діни семинарлар өтікізу, діни насихатты элеуметтік желі арқылы насихаттау, имандылық бағытта жаңа бағдарламалар ашу, роликтер дайындау, намазханаларды тіркеу, діни ағымдарды ұстанушылармен кездесулер өткізу сынды мәселелер талқыланды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.02.2015
3113
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру