Жуырда, ОҚО Шардара аудандық «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Абай» мәдениет үйінде «Қош келдің Мәуліт!», - атты мерекелік кеш өтті.
Рухани мерекелік кешті «Асыл мұра» өнер орталығының жүргізушісі Бекзат Сәкенұлы жүргізді. Мақтаарал ауданы «Өткелбай» мешітінің ұстазы Тохтаев Үмітжан қари қасиетті Құран Кәрім аяттарымен ашты.
Салтанатты мерекелік шараның тізгінін аудан әкімі Айтуреев Қамытбек Нұржанұлы алып, көпшілікті қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтап, жиналған халыққа осынау діни іс - шараның баршамызға ортақ екенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлына атына жазылған алғыс хатты, өкіл имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровке табыс етті.
Облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров бірнеше ғасырлардан бері тойланып келе жатқан бұл мерекенің басты мақсаты -Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарымыздың іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру болып табылады деп қорытындылады.
Аудан әкімі Айтуреев Қамытбек Нұржанұлына, қала әкімі Сапаров Нұрмахан Нартайұлына және аудан имамы Данияров Асылхан Қасымұлына Өкіл имам Ахметжан Пірәліұлының қасиетті мәуліт айымен арнайы құттықтау хатын табыс етті.
Осыдан кейін, облыс имам орынбасары Еркебұлан Қарақұловқа ел мүддесі мен келешегін ойлайтын рухани бай жастарды тәрбиелеу үшін отбасының, ата - ананың алар орыны ерекше. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың, отбасының маңызды екендігін білген халқымыз: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегенді тегіннен тегін айтпаған және аз сөзбен - ақ ұлы ұғымға меңзей білген. Рухы мықты азаматтың болашағы да зор. Сол үшінде әрбір ата - ана баласының жақсы тәрбие алуына, дені сау болып өсуіне көңіл бөліп, өздері тарапынан берілетін тәрбиенің мән - маңызын түсіндіріп, жастарды одан ғибрат алуға шақырды. Рухани кеште «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздары діни әндерін тарту етіп, жұрттың жүрегіне ой салатын тағылымды тәрбиелі жыр - термелер орындалып, адам өмірінде орын алатын ғибратты сахналық көрініс және адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы жайында бейне ролик көрсетілді. Іс - шара барысында діни сауаттылықты арттыруға мақсатында сұрақ - жауап ойыны да өткізілді.
Рухани кеш соңында жиналған қауымға «Шардара» мейрамханасында мерекелік дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.02.2015
3501
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру