Облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысы болып өтті.
Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мерейтой аясында өтетін Кеңес отырысына облыс, қала, аудан, ауыл имамдары мен молдалары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау оргондарының қоғамдық және діни бірлестіктердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Мақсаты бейбітшілік пен конфессияаралық татулықты нығайту, діни төзімділік, жалпыазаматтық және демократиялық құндылықтар негізінде қоғамның ұйысуына шақыру.
Алдымен облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы сөз алып, Кеңес отырысына сәттілік тілеп, төрағалық етті.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Т.Нығметов «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-насихат топтары қызметінің жылдық қорытындысы турасында» хабарлама жасаса, аталмыш мекеменің бөлім басшысы Ә.Нұрмұханов «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы, Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асырудың кейбір мәселелері» хақында тілге тиек етті.
Одан кейін Жәнібек ауданының әкімі М.Мұқаев пен Казталов ауданының әкімі Н. Бекқайыр «Жәнібек және Казталов аудандары бойынша қалыптасып отырған діни ахуал туралы: өзекті мәселелер және оның шешу жолдары» атты тақырыпта баяндамаларын оқыды.
Кеңеске жиналған қауым баяндамашыларға сауалдарын қойып, түйінді мәселелер өз шешімін тапты.
Шара соңында діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2015 жылға арналған жылдық жоспары бекіліп, діни бірлестер басшыларының клубы құрылды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.02.2015
3248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру