Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесіне орай ақ дастархан жайылды (ФОТО)

03.02.2015 3490 0 пікір

Мәуліт мерекесіне орай Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Орал қаласындағы «Ақжайық» мейрамханасында ақ дастархан жайылды.

Оған Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен облыс әкімінің орынбасарлары, мешіттің  ақсақалды алқасы,  облыс, қала, аудан, ауыл имам-молдалары, мешіттің жамағаттары қатысты.

Ақ дастархан басында облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап, қазіргі уақыттағы діни ахуал жайында сөз қозғап,  ұлық мерекеде ақсақалдар  мен имам-молдалармен еркін әңгімелесіп, тағылымды ойларын жеткізді.

Одан кейін ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан ыстық сәлемін жолдап, «Мәуліт» жайында кеңінен тоқталып, баршасын асыға күткен пайғамбарымыздың туылған күнімен құттықтады.

Дастархан төрінде Мысыр елінен арнайы келген Орал медресесінің ұстазы Мұхаммед Наги Шушан  «Мәуліт» жайында араб тілінде уағыз айтты.

Мешіттің ақсақалдар алқасының мүшесі Мақсот қажы  Құсалиевте сөз алып: Бүгінгі ұлық мерекеде ақ дастархан басында облыс әкімі мен облыс имамымен бірге отырғанымыз бір ғанибет. Ол біз үшін мәртебе. Үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету арқылы  сіздің қарапайым жан екеніңізді көрсетіңіз. Данышпан, шығыстанушы Омар Хаямның жырларын оқыды.

Еңбектеріне Алла разы болсын деп, ақтілегін айтып,батасын берді.

Ұлық мейрамда жыр-термелер айтылып, күмбірлеген күйлер ойналды.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру