Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің 2015 жылғы жылдық жоспарында бекітілген «Барыңмен бөліс!» қызметі аясындағы қайырымдылық шаралар тұрақты жалғасын табуда. Мешіт жамағаттарының қызу қолдауына ие болған бұл бастама осымен екінші мәрте өзінің кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Қайырымдылық қызметін жауаптанған мешіт қызметшілері қайырымды адамдардың әкеліп берген дүниелерін қабылдап, көмекке зәру азаматтарға үлестіріп келеді. Осы уақыттан бері 30-ға жуық мұқтаж отбасы мен адамдар «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қызметі арқылы әртүрлі дәрежеде көмектер алды. Бұл қайырымдылық шараға облыс орталығының тұрғындар Өмірзақ Кенжебаев, Нығмет Бақтыбаев, Арман Шаймұратов, Ертай Малғаждаров, Бауыржан Ибраев және Бақытжамал Елеукенова, Кенжебаев Өмірзақ, Бақтыбаев Нығмет, Шаймұратов Арман, Малғаждаров Ертай, Ибраев Бауыржан және Елеукенова Бақытжамал апай қатарлы қаламыздың қайырымды адамдары мен мешіт жамағаттары көп үлес қосуда.
«Барыңмен бөліс!» қызметіне адал ниетімен көмектесіп, мешіт арқылы халыққа тегін емдеу, бір ай бойы тегін массаждарға қабылдау қатарлы әлеуметтік қызмет ұсынушылар да бар. Сондай-ақ, өздерінен артық болған үй жиһаздары, тоңазытқыш қатарлы тұрмыстық бұйымдар да мұқтаж болған иелерін табуда. Бұл бастама осылайша жыл бойы жалғаса беретіні туралы алдыңғы мәліметтерімізде толық ақпарлар берілгенінен халық хабардар деп сенеміз»,-дейді өкіл имам Н.Исенов.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.02.2015
3346
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру