ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен күллі әлем мұсылмандары асыға күткен мерейлі мәуліт Ақжайық төрінде, облыстық қазақ драма театрында кең көлемді тойланды.
Бұл шараға облыс, қала, аудан, ауыл имам-молдалары мен Орал медресесінің шәкірттері, мемлекетттік қызметтер, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.
Ұлық мерекені Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов Алла Тағаланың жер бетіне, адамзатқа жіберген қасиетті құран кәріммен ашты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан қажы Сұлтановтың 2014 жылда атқарған іс-шараларын слайд арқылы қалың жұршылыққа ұсынды. Одан кейін Орал медресесінің шәкірттері Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауаттарын жеткізді. Күй-қазақтың жансерігі, сырласы Ақылбек Бектасов, Ақмарал Қанатқалиева, Фараби Мергенғалиев Дәулеткерейдің «Көреғұлы» күйімен келген жамағатқа қуанышты сәттермен әрлендірді.
Ұлық мерекемен БҚО–ның әкімі Нұрлан Ноғаев пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша Руслан Сұлтанов Ақжайық жұртын «Мәуліт» мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы: облыс имамы Руслан Тыныштықұлының имандылық еңбегін жоғары бағалап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының өз қолынан алған «Алғыс» хат алғандығын жеткізді.
Қазақ халқының төл өнері айтыс екені анық. Республика көлемінде аты шулы жас ақындар Мұрадым Мирланов пен Айнабек Бисенғалиев рухани кештің шырайын келтіріп, халықтың көкейінде жатқан ойларын сөз етіп, облыс көлемінде жүріп жатқан асыл дініміз жайында, жастардың дінге келіп жатқандығын жеткізді. Әсіресе Мұрадым Мирланов облыс әкіміне Орал қаласының төрінен жаңа мешіттің салынуын ақжайық жұртынан өтінді.
Кеште өкіл имам Руслан қажы дін саласында қажырлы еңбек атқарғаны үшін Орал қалалық мешітінің бас имамдары Қажымұқан Ғилманов, Әлімхан Тұрлыбеков, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлын «Алғыс» хатпен марапаттады.
Кештің ажарын «Сауабынан айырмашы» сахналық көрініс жиналған қауымның көңілінен шығып, үлкен әсерде қалып, иләһи әндерімен жүректерге қуаныш сыйлады
Тағылымды кештен рухани әсер алған халық ақ батасын жаудырып, көңілді жүзбен тарасты.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3491
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру