Маңғыстау облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Облыстағы қала, аудан, ауыл мешіттері арнайы команда құрып, жарысқа ерекше қызығушылықтарын танытты. Облыстық орталық мешіт, Ақтау қалалық Бекет ата мешіті, Мұнайлы аудандық мешіті, Жаңаөзен қалалық мешіті, Қарағия аудандық мешіті,Қызылсай ауылдық мешіті, Қызылтөбе ауылдық мешіті барлығы 9 командадан тұратын жарысқа қатысушылардың ішінде дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары болды.
Футбол 2 күнге созылды. Сенбіден жексенбіге жалғасқан жарыстың ашылу салтанатында облыс имамы С.Сейтбеков сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Футбол жарысының өткізілуіне Ақтау қалалық спорт басқармасы қолдау көрсетті. Жарыс соңында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің кубогын және ақшалай ұтысты бірінші орынды иеленген Мұнайлы аудандық мешіті қанжығасына байлады. Екінші орынды алған Жаңаөзен қалалық мешіті «Ең үздік шабуылшы» номинациясын алса, үшінші орынды еншілеген облыстық орталық мешітіне «Ең үздік қорғаушы» марапаты берілді. «Ең үздік қақпашыны» Қызылсай ауылдық мешіті иеленді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3402
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру