ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы Мәуліт мерекесінің қарсаңында №7-ші арнайы түзету мектеп интернатына барып, хал-жағдаларын біліп қайтты. Кішкентай балғындарымызға Ислам діні жайлы түсіндіріп, калима үйретті.
Кездесуге сондай-ақ, найб имам Мұхтар Гаджиев пен Нұрлан Әбжанов және басқа да мешіт қызметкерлері қатысты.
Біраз сұхбаттасып, көңілдерін көтеріп, балаларға арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, түрлі ойыншықтар сыйға тартты. Кездесу барысында мәуліт айының қадір-қасиеттерін сөз етіп, Пайғамбарымыз (с.а.с) жайлы әңгімелеп берді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру