Жуырда «Әбу Ханифа» медресесінің директоры Құлмұанбет Пірманұлы және медресе шәкірттерінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі өтті.
Рухани кешті медресе диреторы Құлмұанбет Пірманұлы ашып, медресе шәкірттеріне Мәуліт мерекесімен құттықтап, тағылымды уағыз айтып, оқуда озат болуларын тіледі. Айтулы мерекеге Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуезханұлы қатысып, шәкірттерге рухани уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, Алматы қаласы Дін істер басқармасының діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің басшысы Доскеев Әсет Жармағамбетұлы барша мұсылмандарды Мәуліт мерекесінмен құттықтады. Мерекелік кеш Құран оқумен ашлды. Кеште Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ғибратты өмірі жайлы уағыз айтылып, медресе шәкірттерінің ұйымдастыруымен жастардың рухын оятатын жыр-термелер айтылды.
Сонымен қоса «Қу дүние» және «Соңғы пайғамбарды іздеп келген яхуди дін басының иманға келуі» сияқты көріністер қойылды. Кеш соңында барша көрермендер мен шәкірттерді медресе тарапынан жайылған мерекелік дастарханға шақырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру