Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Фатима мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі өтті (ФОТО)

02.02.2015 4763 0 пікір

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Фатима мешітінің ұйымдастыруымен «Санжак» мейрамханасында Күллі мұсылман жұртының асыға күткен, еңсесі биік мерейлі Мәуліт мерекесіне орай «Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)» атты рухани кеш өткізілді.

Мәуліт кеші ең әуелі Алланың кәләмі болған Құран аяттарын оқумен басталды. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жиылған қонақтарды мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыз (с.а.у) өмірінен өнегелі уағыз айтты. Жиылған жамағатқа Әлімхан қари мәуліт оқыды. Кешімізде Меломен тобының әншісі Жігер Ауыпбаев бауырымыздың «Пайғамбарға арнау» термесін орындаса, мешітіміздің шәкірттері де терме айтып, қазақтың күмбірлеген күйін, Пайғамбарымызға (с.а.у) сағыныш монологын оқыды.

Алматы орталық мешітінің жастар бөлімі және Фатима мешіті біріге отырып №6 Арнайы мектеп интернатының 20 баласына мектеп қүралдарымен жабдықталған сөмкелер таратты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру