Ақжайық ауданында Мәуліт мерекесіне арналған рухани шара өтті.
Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастырған шарасына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы, аудандық ішкі саясат бөлімі мен "Таным" деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек орталығы және аудан тұрғындары қатынасты. Мерекелік шараға арнайы келген өкіл имам Руслан қажы Тыныштықұлы сөз алып: Сөз басында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жолдап, жиылған жамағатқа Алланың елшісі Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) өнегелі өмірі, мінсіз мінезі мен көркем қылықтары турасында уағызын және Ислам діні - барлығын жан-жақты қамтыған ең таза, ең кемелді дін екенін айтып, қасиетті мәуліт мерекесімен құттықтап, Ақжайықтың жамағаттарына Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болуын тіледі. Рухани шара барысында "Ақжайық өрендері" жастар қоғамдық бірлестігінің көркем өнерпаздары дайындаған концерттік желісінде күмбірлеген күйді төксе, бірі тамылжытып ән шырқады.
Одан кейін Казталов ауданы, «Жалпақтал» ауылдық мешітінде Мәуліт кеші өз жалғасын тапты.
Мәуліт кеші қасиетті Құран Кәріммен басталды. Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаяны және Мәуліт кешін өткізудің артықшылығы жайында уағыз айтты. Пайғамбарымызға (с.а.у.) арнап діни өлендер мен сахналық көріністер қойылып, жүректен шыққан жыр шумақтарын арнап, салауаттар айтылды. Орал қаласынан арнайы барған "Түлбаев Мұхаммед -Ғариф" мешітінің бас имамы Қажымұқан Ғилманов ақ тілегін айтып, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан қажы Тыныштықұлының ыстық сәлемін жеткізді.
Осындай жоғары деңгейде өткен рухани шара көтеріңкі көңіл күймен халық риза болып тарқасты.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру