Соңғы жылдары ислам дінін қабылдап жатқан өзге дін өкілдерінің саны артуда. Осындай жағымды, қуантарлық жағдай 31 қаңтар күні Маңғыстау облыстық орталық мешітіне келген 1991 жылы дүниеге келген осетин ұлтының өкілі Гариев Сослан Сергейұлының исламды қабылдауы еді.
Өкіл имам Смайыл Сейтбеков асыл дініміз жайында насихат айтып, дініміздің құндылықтарын түсіндіре келе христиан дінінің Иса пайғамбарға қатысты ұстанымдарының қате екендігін Құран аяттарымен түсіндіріп өтті. Алланың құзырында исламнан өзге дін қабыл болмайтынын баса назарда айтып өтті.
Ислам дінін қабылдаған Сосланға дұға етіп, исламның шарттарын, күнә мен сауапты түсіндіріп, мұсылманның міндеттерін орындауды ескертті.
Әлі де иманға келмеген отандастарымызға Алла һидаят жолын нәсіп етсін деп тілейміз.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.02.2015
3133
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру