Мұнайлы өңірге қарасты Исатай ауданында мәуліт мерекесі өз жалғасын тапты. Аудан көлемінде өткізілген Мәуліт мерекесіне ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, «Шапағат» диструктивті көмек көрсету орталығының директорының орынбасары Аташев Айбек арнайы қатысты.
Алдымен Исатай ауданының әкімі Тұрарбек Ғайнеденұлы өкіл имамды арнайы қабылдап, мәуліт мерекесімен құттықтап, облыстағы діни ахуал туралы сұхбаттасты.
Кейін аудан әкімі Тұрарбек Ғайнеденұлының басшылығымен әкімдік ғимаратындағы мәжіліс жалында кездесу өтті. Бұл кездесуге Атырау облысының өкіл имамы Батыржан Берденұлы, «Шапағат» диструктивті көмек көрсету орталығының директорының орынбасары Айбек Аташев, аудан бас имамы Құрметқали Бақтығұлов, округ әкімдері, ішкі істер органдары, аудандық мәслихат хатшысы және ардагер ақсақалдар қатысты.
Аудындық жиында сөз алған мұнайлы өңірдің өкіл имамы Батыржан Берденұлы қоғамда белең алған теріс ағымдардың алдын-алу, имамдарды оқыту, жастардың сауатын арттыру секілді көптеген мәселелерге тоқталды.
Кездесуден кейін аудандық «Жалын» мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі аудан бас имамы Қ.Жұмашұлының Құран оқуымен ашылып, пайғамбар ғұмырынан сыр шертер бейнефильм көрсетілді.
Атырау облысының өкіл имамы Батыржан Берденұлы жиналған халықты мәні ерекше мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірінен әсерлі уағыз айтты. Сөз соңында аудан әкіміне құттықтау хатын тапсырды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Мәди Рақымұлы құттықтау лебізін білдірді. Мұнан әрі тәлімі мол дәстүрлі әндер орындалып, мазмұнды өлеңдер оқылып, салауаттар жолданды.
Рухани шарадан кейін барша қонақтарға аудандық «Зинеден Құрасұлы» мешітінде дастархан жайылып, өкіл имам тарапынан уағыз-насихат айтылды. Осындай игі шараға куә болған жамағат өкіл имам Б.Берденұлы және аудан имамы Қ.Жұмашұлына ризашылықтарын білдірді. Ас соңында ауданның сыйлы ақсақалы Кәки Сапаров елдің амандығы мен болашағына ақ батасын берді.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2015
3644
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру