Қаңтар айы басталысымен, ҚМДБ-ның «Шығыс Қазақстан облыстық мешіті» Өскемен аймағындағы қала, аудан мешіттеріне Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған Мәуліт айын ерекшелеп, бір игілікті іспен көркемдеуді ұсынып, «Өнегелі жол» акциясын жариялады. Мұндағы мақсат – жағдайы төмен, айлығын жеткізе алмай несие алушы, тауқымет тығырығындағы жалғыз басты, жолдасынан ажыраған, жеті баланы асыраған жесір, жетімді жетектеген аналар сияқты күй – тірлігіне күйінген жандардың көңіліне қарайласу Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі жолын жалғастыру еді.
Өскемен қаласының Защита кентінде жатақхана ғимаратына қабыса орналасқан «Защита» қалалық мешіті бар. Біршама жамиғатты жинаған бұл Алланың үйі күнделікті бес уақыт азанын шақырып, сол кенттің иманын иіріп, мұсылман жүрегіне көрік беріп отырған мешіт. Өткен бейсенбінің күндізінде тұрмыс-жағдайы төмен 20 отбасына 1тонна ұн, 100 литр күнбағыс майын үлестіру жұмысын атқарды.(Әр отбасына 50 келі ұн, 5литр күнбағыс майы).
Кеште Мәуліт оқылып, салауат-дұғалар жасалды. «Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің» 1 – ші наиб имамы Бауыржан Нығызбекұлы мешіттің игілікті ісіне жақсылық тілей келе, өз ықыласымен ризалығын білдіріп, Мәуліттің мән – маңызы туралы түсіндіріп өтті. Ал, ШҚО мешітінің наиб имамы Арман Томантаев Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолынан ғибраты мол насихат айтты. Әріден, ҚМДБ – сы ұсынған «Өнегелі өмір» жайлы бейнеролигінің тамашалануы жамағат көңілінен шығып жатты.
Өскемен қалалық «Защита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2015
3431
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру