Үстіміздегі жылдың 27-сі күні Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында Мәуліт мерекесі тойланды.
Мереке Жалпы білім беретін Подстепное орта мектеп ғимаратының акт залында өткізілді. Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов, Теректі аудандық мешіттің ақсақалдар алқасы мен қатар ауыл тұрғындары қатысты. Шараны аудандық мешітінің бас имамы Х.Сыдиқов және қажы Тілеген апамыздың ұйымдастыруымен болды. Мереке құрметіне ауылдың көркем өнерпаздары дайындаған қазақтың күмбірлеген күйін, ән шырқап көрермендердің көңілін серпілтіп тастады. Өкіл имам Руслан қажы Тыныштықұлы: Сөзінің алдында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық салемін жолдап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген айы Мәуліт мерекесін тойлау артықшылығын, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен үзінділер айтып және осындай шараны ұйымдастырып отырған жергілікті халыққа алғысын айтып, елге ауызбірлік пен ынтымақ керек екенін сөзге тиек етті.
Кеш соңында халық ризашылығына бөленіп жүрген, тура жолға бағыттап жүрген азамат ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султановқа жиналған елдің атынан «Алғыс хат» табыс етілді. Бағдарлама соңы мерекелік дастарханға ұласып, көрермен көңілді тарқасты.
Облыстық орталық мешітінің іс-басқарушысы Ержан Ергенұлы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2015
3817
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру