Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алланың сүйіктісі (с.ғ.с)» атты рухани шара өтті

28.01.2015 3491 0 пікір

Павлодар қалалық қажылар бірлесіп Алланың Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) туылған айы - Мәуліт мерекесінің құрметіне орай арнайы  рухани шара өткізіп, ас берді.  Шараға қалада тұратын барлығы 120-ға жуық қажылар, қалалық мешіт имамдары, қадірлі аталар мен апалар және жастар өкілдері  шақыртумен қатыстырылды.

«Алланың сүйіктісі (с.ғ.с)» атты бұл рухани шараны «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Қарлығаш қажы Қажымәлікқызымен қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Дулат қажы Қабиденұлы арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырып жүргізді.  «Алланың сүйіктісі(с.ғ.с)» шарасына қатысу үшін  Астанадан арнайы келген «Аңсар-Круиз» қажылық фирмасының директоры Нұржамал Ибрагимқызы  және  осы кештің ұйытқысы болған көп балалы ана, еңбек ардагері Бақытжамал қажы Тұманқызы бастаған басқа қажылар және облыстық Мұсылман Әйелдер лигасының  төрайымы Бақытжамал Шақанқызы  қадірменді қонақтарды мүбәрак мәуліт мерекесімен құттықтап мерекелік көңіл күйде өз лебіздерін білдірсе, облыс өкіл имамы Н.Исенов, қалалық «Ақмешіт» мешітінің Бас имамы Ж.Қоспақұлы, «Ғазиз» мешітінің Бас имамы Е.Бейсенбин, «Бижан» мешітінің Бас имамы А.Сағыновтар  Алла Елшісінің (с.ғ.с) ғибратты ғұмырынан мысалдар келтіре отырып тәлімді уағыздар айтты. Ал Алма қажы Смағұлқызы «Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмірі» атты ұзақ жырды мүдірмей толғаса,танымал ақын Шолпан Байғабылқызы арнау жырын оқып, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің шәкірттері, 6-сынып оқушысы Атабек пен Рамазан Құран оқып, хадистер айтып, бірнеше мәрте Алла Елшісіне (с.ғ.с) арналған салауттар орындады. Соныменн қатар рухани кешті арнайы ән-күймен әрлендіруге келген әнші бауырларымыз Аюпбек  Отан, Ана туралы мағыналы да мазмұнды әндерін  жиылған қажыларға сыйға тартты.

Руахани шара соңында кешті ұйымдастырған қажылар құрметті қонақтарына риза-хошын айтып, әрқайсысына «Мұсылман қорғаны» кітапшасымен қоса ислами бұйымдар үлестірді.  Мағыналы да мазмұнды өткен иләһи кештің соңы жасы үлкендердің берген   алқалы батасымен байыды. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру