Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам банкі имамдарға семинар өткізді (ФОТО)

28.01.2015 3340 0 пікір

Оңтүстік Қазақстан облысының бір қатар қалаларында Шымкент,  Түркістан және Сарыағашта «AL Hilal Bank» семинар-тренингтер ұйымдастырды.

Шымкентте «RIXOS» қонақ үйінде өткен кездесуді ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешіттің Бас имамы А.П.Керімбек Құран Кәрім оқумен ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы бұл семинар имамдарға бағытталып, ол жерде шариғат негізінде жасалатын сауда-саттық түрлері түсіндірілді. Осы семинар-тренингті өткізу үшін Бахрейн елінен арнайы келген «AL Hilal Bank» шариғат ғұламалары кеңесінің мүшесі, шейх Исам Исхақ  Ислам банктерінің тарихы мен жүйесіне кеңінен тоқталып, имамдар және кәсіпкерлер тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға толыққанды жауап берді. Семинарларға жалпы саны 300-ге жуық имам-молдалар қатысты.

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру