Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы – 2015»

27.01.2015 3345 0 пікір

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде Бас имам Дәуренбеков Орынбасар қажының бастамасымен 2014-2018 жылдары Дін мен дәстүр жылының аясында, «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» тақырыбында алатау аудандық қазыналы қарияларды жинап, семинар өткізді.

Оған Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің қызметкерлері мен ақсақалды  аталары және аудан ардагерлері, сондай-ақ жергілікті атқару комитетінің қызметкерлері де қатысты.

Семинарда Бас имам алдағы 2015 жылғы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Ардагерлер мен мешіт ақсақалдары ортаға ортақ пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді. 2015 жылғы діни мерекелер мен ұлттық мерекелер де жан-жақты талқыланып, алда атқарылар жоспарлар құрылды.

Жиын соңында, Бас имам барлық ардагерлерге электронды жайнамаз сыйға таратып, алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ ардагерлер де өз кезегінде мешітте атқарып жатқан оңды істеріне дән риза екендігін білдіре келе Бас имамға ақ батасын беріп, алғыс хатпен марапаттады.

Жиылған қонақтар мен мешіт жамағаттарына мешіт асханасында дастархан жайылып, тағылымды уағыздар айтылды.

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру