Көптен күткен Мәуліт айы да аяқталуға таяп қалды. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жарқын бейнесі мен өмір жолын халықпен кеңінен қауыштырған бұл мүбарак мерекені Алматыдағы «әл-Мәдина» мешіті де ерекше атап өтті. Бұл жылға мәуліттің ерекшелігі, Жетісу ауданына қарасты жағдайы төмен отбасларға азық түліктер үлестіріліп, жамағатқа сыйлықтар таратылды. «Адамзаттың асылы Мұхаммед( с.ғ.с)» деп аталатын мерекеге қария да, жас та, сәби де, қоғам қайраткерлері, өнерімен елге танымал тұлғалар да баршасы дастархан басынада бас қосты.
Алматы қалалық Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет "Қаламыздағы мешіттердің барлығы Алла елшісінің (с.ғ.с) өнегелі ғұмырын жан жақты насихаттап, халықпен бір табан болса да жақындай түсуге себепші болды. Қасиетті Құран оқылып, Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтылған жерде береке бар. Ендеше бұл мәуліт еліміздің аман, жұртымыздың берекеге бөленуіне себепші іс-шара деуге болады», - деп мәуліттің маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар Жетісу ауданының әкімі Талғат Көшенұлының исламға тигізіп жатқан үлесін баса айтып, өз атынан алғыс хат табыс етті.
Аудан әкімі Талғат Көшенұлы мырза жиылған жұртты мәуліт мерекесімен құттықтап, келер уақыт еншісінде мешітпен қосылып атқаратын шаруалардың көп екендігін атап өтті. Аудан иамамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлына алғыс айтып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі мәңгілік болғай деп сөзін қортындылады.
Осылайша, Адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәуіріне саяхаттап, бір сәтке Алланың сүйікті құлы әрі соңғы елшісімен табыстырғандай шаттанған жамағат мерейлі мәуліттен алған әсерлерінің өлшеусіз екендігін айтып, тарқасты.
Қажымұхан Қамбарұлы,
Алматы қаласы, Жетісу ауданы әл-Мәдина мешітінің наиб имамы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2015
3592
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру