Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет» (Имам Мүслім),- деген еді.
Тұрмыста мұқтаж болған адамдарға жан-жақты қолдау, демеу көрсету мақсатында Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Бас имам Н.Исеновтың бастамасымен «Барыңмен бөліс!» атты қайырымдылық шаралар қызметі өз ісін бастағалы 2 аптадай уақыт өтті. Аталмыш қайырымдылық қызметін ұйымдастырған мешіт қызметшілері қайырымды адамдардың әкеліп берген қолындағы басы артық тұрған дүниелердің барлығын тізім бойынша, арнайы дайындалған бөлмеге қабылдап, жинап бұрыннан тіркеуде тұрған панасыз, кедей, көп балалы, жалғыз басты, мүгедек, жетім-жесір т.с.с 10 отбасы мүшелеріне 24 кг ұн, 20кг қант, 30кг күріш, 20кг макарон өнімдері және 60кг-ға жуық картоп, 60кг сәбіз, 60 кг қызылша, 40 кг сарымсақ, 20кг қант, әрқайсысына 1л сұйық май, 1 қорап шай қатарлы азық-түлікпен қоса, көптеген киім-кешек үлестіріп берді. Сонымен қатар жас сәбилі болған 2 отбасына 2 колясканы толық жабдығымен табыстады.
Бұл қайырымдылық шараға бас имам Н.Исеновтың жұма уағызында айтқан уағыз-насихатынан кейін Кенжебаев Өмірзақ, Бақтыбаев Нығмет, Шаймұратов Арман, Малғаждаров Ертай, Ибраев Бауыржан және Елеукенова Бақытжамал апай қатарлы қаламыздың қайырымды адамдары мен мешіт жамағаттары көп үлес қосты.
Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Адамдардан жиналған қайырымдылық зат-бұйымдар, киім-кешектер, қаржылар жомарт жанның аты-жөнімен арнайы дәптерге тіркеліп, есепке алынып, тиісті мақсатта жұмсалуы тұрақты бақылауда ұсталуда. Алда Атымтай жомарттар Бас имамның «Алғыс хатымен» марапатталатын болады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.01.2015
3880
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру