Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт мерекесінің құрметіне көрме өтті (ФОТО)

26.01.2015 3552 0 пікір

Мәуліт мерекесінің құрметіне көрме өтті

Қасиетті жұма күні Алматыдағы «Төле би» мешітінің ұйымдастыруымен  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің туған айы мәуліт мерекесі аясында бірқатар діни шаралар өттіОнда  жұма намазының алдында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің атына салауат айтылып,  мәуліт   оқылды.  Сондай-ақ,  осы мерекеге орай    қазақ халқының салт-дәстүр көрмесі өткізіліп,  шараға жиналған  3 мыңдай жамағат  арнайы   көжеден  дәм татты.  Мұндай  діни шараны өткізудегі  басты мақсатына  тоқталған «Төле би» мешітінің Бас имамы Кенжәлі қажы Мырзабай ойын былай жеткізді: 

–Көрме мақсаты – Кеңес уақытында  дінімізден алыстаған шақта біздің ата-аналарымыз дінді қалай ұстағанын, қалай киініп, қандай кітаптар оқығанын, қалай тіршілік  еткенін  көрсету және түсіндіру болып табылады. Және олардың осынау көне кітаптарды қалай сақтап келгендігі жөнінде де мәліметтерді табуға болады.  Кейбіреулер айтып жүргеніндей біз-ата бабаларымыз  асыл дінімізден мүлде ажырап қалған емес.   Қонақ шақырса Құран оқытып, жеті шелпегін пісіріп,  үкімет адамдарына білдіртпей ораза ұстап, басқа да әрекеттерімен   Исламды сақтап қалды.  Тіпті, дәстүрімізді берік ұстану арқылы  да имандылығын күшейте түсті  десем артық айтқандық емес. Өйткені қазақ халықының салт-дәстүрі мен  асыл дініміз астасып, сабақтасқаны соншалық,  уақыт өте келе күнделікті өмір дағдысына айналды.

Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы сондай-ақ, көрмеге қойылған көне кітаптардың басым көпшілігі араб, түркі шағатай, парсы тілдерінде (1700-1927-ші жылдар аралығында) «Мухаммадия», «Тафсир», «Дін туралы», «Сопы Алла яр», «Киссасул анбия» деген атаумен басылып шыққанын атап өтті.

Бұл  шара  ҚМДБ-ның  төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен  жарияланған  «Дін мен дәстүр»  жылының  жалғасы іспетті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру