Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөз қаласындағы Әз Пайғамбарымыздың (ﷺ) мәуліті (ФОТО)

26.01.2015 4478 0 пікір

Аягөз қаласындағы Әз Пайғамбарымыз (ﷺ) мәуліті.

Киелі Аягөз жеріндегі мәуліт кеші «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» мәдениет сарайында сахна төрі азанның шақырылумен айқара ашылып, ұстаздардың қасиетті Құран аяттарын оқумен, шәкірттердің Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтуымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Сейілбек Әбиүрұлының құттықтауы ҚМДБ–ның Семей аймағы бойынша өкілі Мақсат қажы Қуанышбекұлының уағыз насихатымен жалғасын тапты. Өз кезегінде сахна төрінде «Жетім бала», «Жақсы істе жарысайық», «Тәубеге келу» атты сахналық көрістер көрсетілді. Қазбек Байжұмаұлы ақынның «Мешіттердің 10 жылдығына арнауы», «Соқыр ана» атты монолог көпшілік көзіне жас үйірді. Мерекеге Алматы қаласынан келген қонақ «Нұр Мубарак» университетінің оқытушысы Данияр ұстаз Әз Пайғамбарымыз (ﷺ) өнегелі өмірінен насихат айтып, жүректерді тебірентті. Мерекені қортындылауға шыққан аудан имамы Думан Нәдірұлы мерекеге атсалысқан әрбір ағайынға рахмет айтып, алғыс хаттар табыс етті.

Мешіт жанындағы хатымханада қос мешіттің 10 жылдығына ас берілді.

Әз Пайғамбарымыз (ﷺ)мәуліт мерекесі мешіт жаныдағы хатымханада ас берумен жалғасты. 350 адамға жайылған мерекелік дастархан өткендерге құран оқумен басталды. Осыдан он жыл бұрын Аягөз қалалық мешіттің іргетасы қаланып, еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін өз үлестерін қосып, жұмыла осы мешіттің салынғандығын жүргізуші атап өтті. Сонымен қатар «Жаңауыл» мешітін Сұлтан қажы Смайылұлы салғандығы баяндалып өтті. Жамағат арасынан меркеге жылы лебіздерін білдіріп, ел амандығын тілеп ақсақалдар бата берді. Өкіл имам мақсат қажы Қуанышбекұлы, Данияр ұстаз уағыз – насихаттарын жалғастырып, көпшілікті шариғатпен сусындатты.

Мешіт ішінен мұражай ашылды.

 «Өткенге құрмет, болашаққа ізет» деген аталы сөзге орай, мереке күні астан соң, мешіт ішінен мұражайдың ашылу салтанаты болды. Мұражай лентасын ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай және «Нұр Мубарак» университетінің оқытушысы Данияр ұстаз қиды. Мұражайда Аягөз қаласында имамдық қызмет атқарған имамдар жайлы мағлұмат, оқыған кітаптары, тұтынған заттары, әртүрлі жәдігерлер қойылған. Көпшілікті қызықтырған кезінде қызмет атқарған Шайхан қаридың оқыған құран кітабы, шапаны, тақиясы, куәліктері. Сонымен қатар тауық жұмыртқасындағы Аллаһ жазуы. «Бұл жиналған жәдігерлердің басы ғана, болашақта көптеген тарихи құндылықтармен толықтырылады» - деді мешіт имамы Думан Нәдірұлы.

 

Аягөз қалалық мешітінің

баспасөз қызметі.  

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру