Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы Тұрдыбаев теріскей өңіріне сапары барысында жергілікті телеарналардағы «Диалог», «Сұхбат» бағдарламаларына қатысты.
Бағдарлама мейманына солтүстік қазақстандық имам-молдалардың сараптамадан өтуі, ұрпақ тәрбиесі, жат ағымдардың дүрбелеңі, тағы да басқа мәселелер төңірегінде сауалдар қойылды.
Камалжан Бекбосынұлы әңгіме барысында теріскейлік дін қызметкерлерінің білімі жақсы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, алдағы уақытта имамдардың шет елдерде білім алуы да жоспарланып отырғанын айтты. Тілшілер Камалжан Бекбосынұлынан елімізде жерлеу рәсімін бір жүйеге келтіру, ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» жылына орай алдағы күндерге арналған мақсат-мүдделері, дін қызметкерлерінің абырой-мәртебесін көтеруге бағытталған жоспарлары жөнінде естіп, білді.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.01.2015
3256
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру