Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сатпаев қаласындағы Мәуліт

25.01.2015 4277 0 пікір

Қасиетті жұма күні Сатпаев қаласында Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті.

Кеш Мамедалиев Нұрсұлтанның Құран аяттарын оқуымен ашылды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құрметіне мәуліт оқылып, ғибартқа толы өмірбаяны жайлы бейне баян көрсетілген соң, Сатпаев қаласының әкімі Ә.Омаров жиылған халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қ.Жұмабеков Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаянынан қысқаша уағыз-насихат айтып, дін жанашырларына алғыс хат беру арқылы рахметін айтты. Рухани кеште діни әндер орындалып, сахналық қойылымдар қойылды. Сонымен қатар, жиылған жамағатқа пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірбаянынан сұрақтар қойылып, бағалы сыйлықтар берілді. 

Рухани кеш соңынан орталық мешіт асханасында 150 адамға арналған дастархан жайылып, Пайғамбарға (с.ғ.с) Құран дұғалар оқылды. Қала ақсақалдар алқасының төрағасы Байбосынов Шермұхаммед ақсақал шын тілектен елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілеп, бата берді.

Сатпаев қаласы С.Ошақұлы мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру