Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!» атты рухани кеші өткізілді (ФОТО)

24.01.2015 3817 0 пікір

Адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!) туған айы – Мәуліт мерекесін атап өту үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласы «Оңтүстік Цирк» ғимаратында «Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!» атты рухани кеші өткізілді.

Рухани кешке облыс басшылығы, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, облыс, қала, аудан мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Осы тұста, “Оңтүстік Цирк” ғимаратының 1250 орындық залына көрермен сыймай қалды. Кешті аяғына тік тұрып тамалағандардың санында есеп жоқ. Мұсылман жамағатының мәуліт мерекесіне деген ынта-ықыласының жыл санап артып кележатқанын байқауға болады.

Рухани кешті облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық діни істер басқармасының басшысы Батырбек Қаратайұлы және облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек мырзалар ашып, айтулы мерекемен құттықтап сөз сөйледі.

Құттықтау сөз алған облыс өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің мереке байланысты құттықтауын жеткізді.

Рухани кеште дін тұрғысындағы әндер мен жырларға кезектер берілді. Діни өлеңдер оқылып, термелер орындалды. 

Кешттің әрін кіргізген елімізге белгілі өнер жұлдыздары қатысты. Атап айтқанда, айтыскер ақындар Дидар Қамиев пен Мейірбек Сұлтан  мәуліт туралы толғап, тыңдырманын тәнті етсе, Алматы қаласынан арнайы келген белгілі әнші Сержан Әли иләһи әндер айтты.  Ал облыстық әзіл-ысқақ сатира театрының өнер жұлдыздары “Адасқандар” атты сахналық қойылым қойып,  өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, “Шымкент” медресесінің шәкірттері пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын!)-ға салауат айтып,  арнайы Мәуліт хұтбасын оқыды.  Қатысушыларға Діни басқарма жанындағы сараптау комиссиясының мақұлдауынан өткен діни әдебиеттер тегін таратылды.

Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани ләззат алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.

Бұл іс-шара облыстағы барлық аудан, қала мешіттерінің ұйымдастыруымен бір ай бойы жалғасын тауып келеді. 

Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру