Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар сараптамадан өтті

23.01.2015 3813 0 пікір

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының шешіміне сәйкес  Ақмола облысының аудан және қала имамдары мен ауыл молдалары ҚМДБ-ның арнайы сараптама комиссиясына сынақ тапсырды. Мешіттің дін қызметкерлері шариғат ілімдерінен ғана емес,басқа да танымдар жайлы да қойылған сұрақтарға жауап берді. Билет түріндегі бұл сынақты тапсыратындарға сегіз сұрақ қойылды. Онда құран, сүннет және қазіргі зайырлы қоғам, мемлекет істері, еңбек заңы және тағы басқалары көрініс тапты. ҚМДБ-ның сараптама комиссиясының жетекшісі, ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы жергілікті ақпарат құралдарына берген сұхбатында  бұл шараның маңызды екенін атап көрсетті.

Республикалық сараптама комиссиясының жетекшісі Камалжан Бекбосынұлы  имамдардың білімі өте төмен деген пікірдің  қисынға келмейтініне журналистердің назарын аударды. «Әрине, кадрлардың тапшылығы бар, бірақ имамдар мен молдалар қатары жоғары білімді мамандармен де толығып келе жатқанын айқан ләзім».

Біз сараптамадан кейін ҚМДБ-дан келген өкілдермен  дөңгелек үстел жағдайында сұхбат құру барысында олардың бір ауыздан ақмолалық имамдардың бұл шараны жақсы ұйымдастырғанын айтты.  Бұл жолы бұйрығы бар 120 имам сынақ тапсырса, тағы 22-сі алғаш рет сараптамадан өтті. Бір үлгідегі шапан киіп, сәлде таққан имамдардың  бұл сараптамаға дайындалып келгені байқалып тұрды.

Пәтуә бөлімінің басшысы Сансызбай Шоқанов  өз сөзінде имамдарға ұдайы білім берілу керектігі ҚМДБ-ның басты ұстанымы екенін тілге тиек етті. Бас мүфтиіміз де кемі үш күн семинар сабағын алмаған имам көштен қалып қоятынын, сондықтан мүмкіндігінше жоғары және орта оқу орындарынан білім алу мәселесі өзекті күйінде екенін қатты тапсырады.

ҚМДБ-ның кадр бөлімінің басшысы Байзақ Бекмұрат кейде жоғары жақтан жіберілетін тапсырмалардың аудандық мешіт деңгейінде қалып қоятынын да жоққа шығармады. Діннің негізгі ошағы – ауыл. Ендеше ауылдағы имамдарға да өз қызметіне деген талпыныс керек.

Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Мүфтидің әр имам кемінде бес шәкірт тәрбиелеуі тиіс деген пікірін де ортаға салды. Имам молдалардың білімін жетілдіру үшін жыл бойы кесте бойынша бірнеше семинар ұйымдастырып, Имамдардың білімін жетілдіру институтын тиімді пайдалану керектігін жеткізді. Ал, Камалжан Тұрдыбаев ауылдағы мешіттердің жұмысын жақсарту үшін олардың әлуметтік жағдайын ескеріп «Дипломмен ауылға» деген сияқты бағдарламалар қабылдау маңызды екенін айтты.

Сонымен, сараптама комиссиясы  облыс орталығындағы имамдар мен найбтардың білімі жоғары, талапқа сай келетіні жөнінде өздерінің оң  пікірлерін білдірді. Енді осы сараптама қорытындысы бойынша кейбір имамдар ротацияға түсуі мүмкіндігін де айта кетті. Бұл да бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сондықтан имамдардың білімі мен біліктілігін сараптап қайтқан ҚМДБ комиссиясы бұл сынақ шарасына байланысты арнайы шешім шығарылатынын жеткізді.   

 

.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру