Қасиетті мәуліт айының құрметіне «Мегатау» сауат ашу орталығы мен Алматы орталық мешіті бірлесіп «Адамзаттың асылы» атты мәуліт кешін өткізді. Бұл мәуліттің бір ерекшелігі «Аманқұл ата» және «Райымбек батыр» мешіттеріндегі Құран жаттап жүрген жас қари шәкірттер арнайы шақырылды.
Мәуліттің құрметті қонақтары «Иман» журналының Бас редакторы Оңғар қажы, ҚМДБ заңгері Даулетияр Сағитжан, қала мешіттерінің Бас имамдары, сауат ашу курсының әр-түрлі жастағы шәкірттері, оның ішінде ақ самайлы қариялар мен ақ жаулықты әжелер де мәуліт төрінен орын алды.
Медеу ауданының Бас имамы Тлепберген қажы келген жамағатқа уағыз айтып, мәуліттің мәні мен маңызына тоқталды. Кештің мәдени шара бөлімінде медресе қарилары мәуліт оқып, Пайғамбарға салауат айтса, елімізге танымал әншілер Сержанәли Әлібек, Меломен тобының жігіттері жамағатты әсем әнімен тебірентті. Жүргізуші аят-хадис, мақал-мәтел сұрақ-жауап ойындарын ойнатып, үздік жауап бергендерге саңлақ сахабалар, мұсылман қорғаны кітапшалары сыйға үлестірілді. Сондай-ақ Мегатау сауат ашу курсының басшысы Жұмакүл апай кеш соңында «Аманқұл ата» және «Райымбек батыр» мешітінің Бас имамдары Тлепберген Жакиев пен Нұржан Керімбековқа, сондай-ақ сол мешіттерде Құран жаттап ілім жолында жүрген қари балаларға сый-сияпат жасады. Адамзаттың асылына арналған бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оның 150 дана таспасы келушілерге таратылды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.01.2015
3472
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру