Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақтаралдықтар мерейлі Мәулітті мерекеледі

23.01.2015 3282 0 пікір

ОҚО Жетісай қаласы «Қазақстан» жастар сарайы – Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің ұйымдастыруымен және аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Мәуліт мерекесі мүбарак болсын!» атты рухани кеш болып өтті. Аталмыш шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Есенбеков, Аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің Бас имамы Б.Сыздықов және аудандағы барлық мектептердегі дінтану пәнінің мұғалімдері, ауыл имам-молдалары, ауыл, қала ақсақалдары, қала тұрғындары мен студент жастары қатысты. Мерекелік кеш Алланың Кәләмі қасиетті Құран оқумен басталып, құқттықтау сөздермен жалғасын тапты. Алғашқылардан болып сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш және Мақтарал ауданының Бас имамы Сыздықов Бекзат жамағатты Хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.у) туылған айы мәуліт мерекесі мен құттықтап, өздерінің ыстық ықыластары мен жүрек жарды жылы лебіздерін білдірді. 

Кешке арнайы шақыртылған Шымкент қаласындағы «Асыл мұра» шығармашылық орталығының өнерпаз жастары діни әндер шырқап жастар үшін тәрбиелік мәні зор әсерлі көріністер мен қойылымдар қойып берді.  

Көптен күткен «Мәуліт жырынада» кезек келіп жетті. Аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің ұстазы Тухтаев Үмітжан және «Қанайұлы Көбей» мешітінің имамы Хадыршаев Абдулхафиз арабша мәтіндегі мәуліт жырларын оқыды.  Залдағы барша жамағат бір сәт орындарынан тұрып сүйікті пайғамбарымызға (с.ғ.у)  салауаттармен сәлемдер жолдады. 

Осылайша өзімен бірге күллі әлемге рахмет шуағын алакелген ардақты елшіге (с.ғ.у) халық болып құрмет көрсетілді.

Мәуліт мерекесі қарсаңындағы қайрымдылық

«Мәуліт» мерекесіне орай ұйымдастырылған рухани кештің алдында аудандағы көмекке мұқтаж қырық отбасыға қайрымдылық көмек көрсетілді. Әрбір отбасыға құны 12500 теңгені құрайтын азық-түлік үлестіріліп берілді. Қйрымдылық  шараға арнайы қатысқан Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Есенбеков Пердеш және Ауданның Бас имамы Сыздықов Бекзат осынау қайрымы мол қайрымдылық акциясына өз үлестерін қосқан кәсіпкер азамттарға рахметін айтып алғыстарын білдірді. Айрықша Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің жамағатына мол ризашылықтарын жеткізді.

Жақсылық жасаудан жалықпаған Жетісайлық жамағатқа Жаратқан жар болғай! Әмин!

Мақтарал аудандық орталық «Өткелбай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру