Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бөрлі ауданындағы тағылымды кездесулер

23.01.2015 3350 0 пікір

Бүгін БҚО облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы  Р.Сұлтановтың қатысуымен "Дінаралық татулық- үйлесім мен тыныштық кепілі" атты дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл шараға облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, облыстық дін істер басқармасының  қызметкерлері, БАҚ өкілдері және өзге де діни бірлестіктердің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында облыс имамы Руслан Сұлтанов сөз алып: жиылған қауымды асыға күткен ұлық мереке «Мәуліт» айымен құттықтап,  Ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта-ниеті асыл, тілек армандары орындалып, бақытты өмір сүре алады. Бабаларымыз айтқандай: "Бірлігі барды-жау алмайды", "Бірлік бар жерде -тірлік бар"деген ұлағатты сөздің астарында ауыз бірлік пен татулықтың ел тыныштығын негіздегені сол замандарда-ақ кемеңгерлігімен дөп басып айтқан.  Мақсатымыз бен міндетіміз әуелі елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап, одан әрі өркендеуі үшін ат салысу, халқымыздың, ұрпақтарымыздың бақытты, тату ғұмыр кешуі үшін қызмет ету. Дініміз бен діліміздің жанашыры Елбасы Нұрсұлан Әбішұлы халыққа жолдаған Жолдауында ел тарихына енетін жұртымыз күткен  он  жаңашыл идеяны атап, көшбасшымыз бірлік пен татулық, рухани келісім мен өзара түсіністік сынды құндылықтар әрқашан біздің басты байлығымыз болып қала беретінін  айтып, көпшілікті ауызбіршілікке, ынтымаққа  шақырды.

Өзге діни бірлестік жетекшілерінің баяндамалары тыңдалып, түйінді мәселелер өз шешімін тапты.

Нұрлан Саматұлы,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру