Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көрші елдің имамымен кездесті

23.01.2015 3400 0 пікір

Бөрлі аудандық мешітінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша Руслан қажы Сұлтанов көрші Ресей елінің Орынбор облысы, Илік ауданы мешітінің имам мухтасиб Сәбитов Ғиззатдин Ғабдолисламұлымен кездесті.

Кездесуде барысында облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен "Дін мен дәстүр" атты кітабы жарыққа шығып,  елімізде төрт бағыт бойынша игілікті шаралар жасалды. Еліміздегі дінаралық татулық, халықтардың бірлігі, әлемдегі діни ахуал туралы ой бөлісті. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау мен қамқорлық шараларына айрықша тоқталды.  

«Бізді біріктіретін асыл дініміз: халықтың бірлігі, ұрпақтарымызға екі дүниенің ілім алуға,  тәрбиесін жақсарту, жастарымызды нашақорлықтан, араққұмарлықтан құтқару жайында сөз етіп, Аллаға шүкір, елімізде діни ахуал тұрақты», – деді бас имам Руслан Сұлтанов.

Орынбор облысы, Илік ауданы мешітінің имам мухтасиб Сәбитов Ғабдолисламұлына облыс имамы Дінбасымыздың қолдауымен жарыққа шыққан "Дін мен дәстүр" кітабын сыйға берді.

Кездесу соңында  Алла разылығы үшін, ел амандығы үшін мал құрбандыққа шалынып, дұға жасалды.

Одан кейін облыс имамы отбасы төмен жандарға ат басын бұрып, қал-жағдайларын сұрап, қайырымдылық көмегін табыс етті.

 

Нұрлан ҚАБЫКЕШ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру