Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан «Нұр-Мүбарак» университетінің дайындық курсының шәкірттері Рабиул-аууал айының 28-жұлдызында Пайғанбарымыздың (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дүниеге келген күніне арнап Мауліт кешін өткізді. Мерейлі кешке университет проректорының дін ісі және тәрбие бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Әкімбеков бастаған бірқатар ұстаздар мен өзге де қадіргі қонақтар келді.
Мауліт мерекесінің қонақтарына әуелі берекелі дастархан жайылып, олар дәмнен ауыз тиіп, Рахымжан Әкімбеков мырза жалпы жұртшылықты Пайғабарымыздың дүниеге келген берекелі сәтінен қысқаша насихат жасап, сөзін құттықтаумен аяқтады.
Ас соңнан қарилар қасиетті Құран сүрелерінен оқып, Пайғанбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және дүниеден озған барша ата-бабаларымызға сауабы бағышталды.
Берекелі кештің негізгі бөлімі медресе шәкірттерінің Алла елшісіне (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мауліт оқып, салауат айтуымен басталды.
Шәкірттер Абу Бакір , Омар және Біләлдің (Оларға Алла разы болсын) Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға деген махаббатының қандай болғанын сипаттайтын сахналық көрністерін қойды. Әрине, саңлақ сахабалардың екі дүниенің сардары Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігін ешқандай пенде жеткізе алмас. Алайда, шағын қойылым болса да кеш қонақтарының жүрегін селт еткізер қойылым болды. Сондай-ақ, кезекті саны жүз адамға жететін кісі өлтірушінің Аллаға тәубе етіп, күнәлары үшін қатты өкініп, Жаратушыдан кешірім сұрап жәннатқа кірген пенденің қиссасының сахналық көрнісі де жоғары деңгейде қойылды. Шәкірттердің жан-жақтылығын арттырған мерейлі Мәуліт мерекесі медресе шәкірттерінің Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауыт дұғасын оқумен аяқталды. Бұл берекелі басқосу болашақ исламтанушылардың көпшілікпен араласу, халық алдында сөйлеу сынды қабілеттерін шыңдай түскендей.
Айша Кеңесбай,
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.01.2015
3519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру