Алматы орталық мешітінде қаланың Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің ұйымдастыруымен қалалық жергілікті ақпараттық насихат тобының жиыны өтті. Жиынның бүгінгі отырысы жоғары оқу орындары мәселесіне арналды.
ҚМДБ-ның Алматы қалалық өкілдігі жергілікті билік өкілдерімен келісе отырып, жоғары оқу орындарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді қолға алуда. Қазіргі таңда басталып үлгерген бұл бағдарлама аясында қаланың 15 жоғары оқу орындарына қаланың білікті 30 маманы жұмылдырылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда әр оқу орнына бекітілген 2 дін қызметкері аптасына 1-2 рет тұрақты түрде студенттермен жұмыс жасап, олардың тәрбиесімен айналысады.
Қаланың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет әр-түрлі имамдардың барып, бірін-бірі қайталауына қарағанда мұндай тұрақты етіп бекітілген имамдармен жұмыс жүйесінің аса тиімді болатындығын атап өтті.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.01.2015
3044
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру