Адамзаттың асылы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) –ның туған күні орай Бөрлі ауданы, Пугачев ауылының мәдениет үйінде Бөрлі аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Пайғамбарымыздың туылған айы» атты тақырыбы аясында мерекелік шара болып өтті.
Бұл шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан қажы Сұлтанов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, ақпараттық - насихат тобының мүшелері, аудандық мұсылмандар мешітінің найб имамдары, ауылдық округінің учаскелік инспекторы, ата-аналар мен мектеп оқушылары, барлығы 80 жамағат қатысты.
Алғашқы болып сөз алған Орал орталық мешітінің имамы Руслан Тыныштықұлы: ауыл тұрғындарын «Мәуліт» мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыздың с.ғ.с өмір жолына қысқаша тоқталып, елдің көңілінен шыға білді. Одан кейін ақ тілегін Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абрахманов жеткізіп, діни ағым мәселесіне тоқталып, ата-ана жайында уағыз айтып, көпшіліктің көңілінен шықты
Рухани мереке жиылған қауым атынан сұрақтар жолданып, мазмұнды жауаптар алынды.
Айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімінің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Жаратушы Иеміз баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, ел игілігі жолындағы жұмыстарда, берекелі басқосуларда жолықтырғай! Екі дүниеде де жүзіміз жарқын, мұратымыз асыл, дұғамыз қабыл болғай!
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.01.2015
4557
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру