Алматы қаласындағы «Қалқаман-2» мешітінің ұйымдастыруымен «Жібек жолы» дәмханасында Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Мерекенің ашылуына «Қалқаман-2» мешітінің азаншысы Нуриддин қари қасиетті Құран аяттармен бастады. Рухани кештің құтты қонақтары Алматы қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет ҚМДБ «Иман» журналының редакторы, Оңғар қажы, «Төле би» мешітінің Бас имамы Кенже қажы, «Әл-Хамид» мешітінің Бас имамы Асылхан қажы Өмірзақұлы, Наурызбай аудандық мешітінің Бас имамы Абдухамид қажы, Наурызбай аудандық ардагерлер ұйымы төрағасы орынбасары қатысып, мерекемен құттықтады. Алматы орталық мешітінің Бас имамы жиылған көпшілікке Бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, Мәуліт мерекесін тойлаудың маңыздылығы жайында тоқталып өтті. Сондай-ақ елімізге белгілі ұстаз Ризабек Батталұлы жамағатты ұйытып уағыз айтты.
Рухани кеште Аюб қари Мәуліт оқып, жамағатпен бірге Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат оқылды. Әнші Сержанәлі Әлібек діни ән айтып халықты серкітіп тастады.
Мәуліт дастарханына мешіт жамағаты және «Ақ үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Мәуліт соңында еліміздің амандығына, дініміз исламның көркеюуіне дұға жасалып, жиылған көпшілікке ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Серік Ораздың «Тәпсір тұнығы» кітабы мен 2015 жылдың намаз кестесі таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.01.2015
3742
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру