Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шу өңірінде Мәуліт мерекесі аталып өтті (ФОТО)

21.01.2015 3297 0 пікір

Шу аудандық мәдениет үйінде Шу өңірі жұртшылығы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған айы Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш өткізілді. Оған аудан әкімінің орынбасары Балқыбеков Алихан, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Ержан Маханұлы, Аудан имамы Мұсаев Қуандық және ауыл молдалары мен мұсылман жамағаттары қатысты.

Мәуліт кеші 8 жасар Желдібаев Дінмұхаммед оқыған «Фатиха» сүресімен ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Балқыбеков А. және ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамы Е.Маханұлы, Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған кешке жиналған мұсылман жамағатты мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. 

Бұл кеште  бүкіл өмірі тағылым мен өнегеге толы адамзаттың ардақтысы атанған Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) құрметіне «Төле би» мешітінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер мәулітті қазақ және түрік тілінде оқыды. Ауданымызға танымал өнерлі жігіттер мен ақындар барынша өнерлерін көрсетіп, көрермендерге тәнті  етті.  Кеш барысында айтыскер ақындар діни төңіректе сөз қозғап, халықты өздеріне баулай білді. Өнерлі жігіттер әсерлі мағыналы көріністер қойып, діни өлеңдер айтты. Сахынада Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) туралы бейне роликтер де көрсетілді. Мәдениет үйіне жиналған көрермен жұртшылық  Пайғамбарымыз (с.а.у.) туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.

Кеш соңында Шу ауданының Бас имамы Қуандық Берікұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, аудан әкімшілігіне және жиналған жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.

Жиын аяқталған соң, жұртшылық мешітке барып, Мәуліт мерекесінің құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты. Онда Жамбыл облысының орталық мешітінің найб имамы Маханұлы Ержан Құран оқып, дұға жасады.

Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру