Исі мұсылман үшін бір айға жалғасатын мәуліт айы Маңғыстау өңірінде кең көлемде аталып өтуде. Жамағатқа дастархан жайылып, мешіттерде мәуліт оқылса, мәдениет үйлерінде мәуліт кештері ұйымдастырылуда. Жаңаөзен қалалық мешіттің ұйымдастыруымен 20-шы қаңтар күні Жаңаөзен қаласындағы «Жастар сарайында» мәуліт кеші өтті. Мәуліт кешінің ашылуы қасиетті Құран аятымен басталып, Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам С.Сейтбеков дұға жасады. Бағдарламаға сәйкес жиылған жамағатты мәуліт мерекесімен Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Сағынбаев Исахан және қалалық мәслихат хатшысы Сахи Мыңбай құттықтады.
Өкіл имам С.Сейтбеков жиылған жұртшылықты мәулітпен құттақтап, мәуліт мерекесінің мән маңызын айта келіп, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен уағыз айтты. Пайғамбарымыздың дүниеге келуі, христиан мен яһуди дін өкілдерінің ақырғы пайғамбарды қалай күткендігін ерекше атап өтті. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен сыр шертетін бейне роликтер көрсетіліп, терме мен жырлар орындалды. Артынан Жаңаөзен қалалық мешіттің найб имамы Ғ.Шайхаттаров мәуліт оқыды.
Мәуліт кешінің басы қасында ұйымдастырып жүргендердің бірі Теңге ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Али ақсақал да жиылған жұртшылықты мәулітпен құттықтап, өз лебізін білдірді.
Маңғыстау облыстық мешітің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.01.2015
3639
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру