Қасиетті жұма күні, Алматы қаласы Медеу ауданы Ж.Омарова көшесінде орналасқан Аль-Хамид мешітінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (c.a.y.) туылған күніне орай, Мәуліт оқылды.
Бұл іс-шара мешітіміздің Бас имамы Асылхан қажы Өмірзақұлының бастамасымен жасалды. Құрметті қонақтар ретінде ҚМДБ «Иман» журналының Бас редакторы Оңғар Өмірбек және Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағамбет қатысты. Әдеттегіден ерте жиналған жамағат, қарилардың мәуліт оқуын сүйсіне тындап, Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (c.a.y.) салауаттарын айтты. Жиылған қауым мәуліттен кейін, жұма намазының сүннеті мен парызын жамағат болып оқыды.
Қазақ - әрқашанда қариясын сыйлаған халық, сол себепті намаздан кейін ардақты ақсақалдарымыз баталарын беріп, елімізге, елбасымызға амандық, халқымызға құт-береке, тыныштық тіледі. Жамағат бір-біріне жақсы тілектер тілеп, қасиетті жұма мен мәулітпен құттықтады. Мешітіміздің бас имамы Аманқұлов Асылхан қажы келген әрбір бауырымызға сыйлық ретінде, кез-келген мұсылман баласы үшін, ең құнды, қасиетті Құран Кәрім кітабын табыс етті.
Жиылған қауым мен құрметті қонақтар, мешіт ұжымының, мәулітке орай арнайы жайылған дастарханнан тамақтанды. Іс-шара соңында мешіт ұжымына, мәулітке келген барша мұсылман бауырлар алғыстарын білдіріп, болашақтағы барлық игі істерге сәттіліктерін тіледі.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2015
3633
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру