«Екібастұз» қалалық мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-тің туған айы Мәуліт мерекесі Екібастұз қаласындағы «Өнер» қалалық мәдениет орталығында тойланып, мерекелік концерт өткізілді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туралы видеоролик көрсетілгеннен кейін Құран бағышталып, Бас имам Мәди Ахметов мерекеге жиналған халықты Мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз туралы уағыз-насихаттар айтса, Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры Хасан Аманқұлов Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті және Мәуліт мерекесінің тойлану тарихын жиылған жамағатқа жан-жақты уағыздап берді.
«Екібастұз» қалалық мешітінің шәкірттері және Павлодар қаласындағы «Мұрагер» пансионатының шәкірттері пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ке салауаттар айтып, имам Ағзам Әбу Ханифаның дінсіз адаммен сөз таластыруы туралы хикаядан сахналық қойылым көрсетті. Екібастұз қаласының С.Занов бастаған өнерпаз жігіттері Мәуліт мерекесіне арнап мерекелік концерт өткізді.
«Екібастұз» қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2015
3269
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру