ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың бастамасымен Орал орталық мешітінде қасиетті Мәуліт мерекесіне орай тұңғыш рет қыздар арасында құран жарысы болып өтті.
Алдымен облыстық орталық мешітінің найб имамы, Орал медресесінің ұстазы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, ұлық мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Орал орталық мешітінің жанынан ашылған сауат ашу курсында сексен астам қыздар ілім алуда. Ілім іздеп келген шәкірттерге Зухра Бауыржанқызы дәріс беруде. Құран жарысына ең үздік жиырма шәкірті таңдадық,-деді ұстаз Зухра Достан.
Құран жарысы алғашқы рет болып жатқандықтан барлық шәкіртерді қатыстыра алмай отырмыз. Алдағы уақытта жарысқа барлық шәкірттерді қатыстырмақ ниеттеміз. Алқашқыда толқып, құран жарысы жоғары деңгейде болып өтті. Шараға үлкен қолдау көрсеткен облыс имамы Руслан Тыныштықұлына алғысымыз шексіз. Үздіктерді анықтау қиынға соқты. Жарыс болған соң оза шаққандар бар. Құран кәрімнің бір парасын толық жаттаған Айгүл Рамазанова бірінші орынды иеленсе, жарты параны жаққа оқыған Ақмарал екінші орынды алса, мәнерлеп оқудан Ақсәуле Үмбетқалиева үшінші орынды қанжығасына байлады.
Барлық қатысушаларға облыс имамының бағалы, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Нұрлан ҚАБЫКЕШ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.01.2015
3710
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру