Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айтылды, орындалды...

20.01.2015 3423 0 пікір

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың облыстық мешітке келіп, мешіт және діндарларды өз қамқорлығына алатындығын жеткізген болатын. Бұл сөзі Алланың ақ жолындағы қызметкерлерге үлкен үміт сыйлаған еді.

Осындай біршама істердің орындалысына берген уәдесі Шығыс мұсылмандарының жүрегіне жылу болды. Бірнеше уақыттан бері мешіттің негізгі шамы (люстра) табиғи ыстық және суық ауа қысымымен асулы жерінде айналуы тұйықталынып, істен шыққан болатын. Міне, сол басшының сөзі бүгінде  іс жүзіне айналып, орталық шамды қалыпқа келтіру жұмысы басталып та кетті. Шамның негізгі ерекшелігі біріншіден, орта Азияда теңдесі жоқ. Екіншіден, салмағы 4 тоннаға жуық. Оны орнынан қозғау әрі төмен түсіру үлкен талапты қажет етеді. Бір мезгілде өзінің ғана 680 электр шамын жандырады. Оған қосымша сол іспеттес 1 900 дана электр шамы тағы бар. Осы шамдарды электр үнемдегіш қуатына ауыстыру туралы облыс имамы Нұрлан Байжігітұлының  өтініші орындалуда. Бұл облыстық мешіттің электр жарығына жұмсалынатын ауқымды шығынына едәуір үнем болмақ.

Осындай игілікті істерімен адамзат көңіліне жақсылық ұялататын басшыларымызға тек қана Жаратқан Алланың бақытын тілейміз.

Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру