Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей қаласында Мәуліт аталып өтті

20.01.2015 3057 0 пікір

Семей қаласындағы мәдениет сарайында, Ғаламның рахым нұры адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы соңғы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедттің туылған айына байланысты, Мәуліт мерекесі арнайы аталып өтті.

Алғашқы құттықтау сөзді Семей қаласының әкімі Айбек Мүталапхан ұлы Карімовқа берілді. Шаһар басшысы: "Мәуліт мұсылман үмметі үшін, мерейлі ғажап мереке. Сүйікті Пайғамбарымыздың өмірбаяны асыл дінімізді адамдардың жүрегіне жеткізудегі даналығы, қажыр-қайраты күллі мұсылман үшін, өмірлік өнеге. Мәуліт мерекес мұсылмандардың бір-біріне деген бауырмалдығын, құрметін сүйіспеншілігін арттырады. Бауырмалдық бірлік, имандылық болмаған жерде, өсу-өркендеу болмайды. Оны төңірегімізде болып жатқан дау-жанжалдардан көріп-біліп отырмыз. Бірлігіміз бекем болсын. Осындай мұсылман қауымын, ізгіліке шақыратын Мәуліт мерекесі құтты болсын!" - деді.

Мерекенің  мазмұнын байытып мәнін аша түскен  Семей қалалық "Дариғай жастар театрының өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларды көрініс ретінде қойған актерлік шеберліктері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне еріксіз жас келтіріп ерекше әсерге бөледі. Семей қаласының мешіт имамдарының айтқан Мәуліт салауаттары мен мадақтары, жиналған жұрттың жүрегін бір серпілтті. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының айтқан діни әндері, термелері ұлтымыздың патриоттық әндері мерекенің әрін кіргізіп, жиналған көрермендерді қуанышты көңілге бөледі. Осы мерекені ұйымдастырушы Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы өз сөзінде: "Құрметті мұсылман қауымы Мәуліт мерекесі мүбарак болсын! Ұлық мерекеде Аллаға мадақ сүйікті Мұхаммед с.ғ.с Пайғамбарымызға салауат айту сауапты амал. Құранда да Алла Тағала: "Шынында Алла Тағала және оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады. Ей мүминдер! Сендерде Пайғамбарға салауат айтып, сәлем жолдаңдар!" - деп бұйырады және Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с хадисінде кімде кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. Он қателігін сызып, он есе дәрежесін жоғарлатады деген.

Бұл мерекені жоғары деңгейде өткізу жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналды. Осы іс шараның өткізілуіне үнемі қолдау көрсетіп өз үлесін қосып жүрген Қала әкімі Айбек Мүталапханұлына "Дариғай" театырының ұжымына, қалалық ТВК-6 телеарнасының басшысы: Омарбек Байуақовқа, "Ислам нұры" газетінің редакторы Даулетқажы Тілеубердиевке, дініміздің насихатталуына қалам тербеп, әртүрлі мақалаларын мерзімді баспасөз бетінде жариялап отырған, Меруерт Мұхамадиеваға, қалалық Бұйғылы елді мекенінің имамы Тоғыз баланың әкесі Тоқтар Майқыұлын алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

Қала аудан имамдарына дініміздің жанашыры болып қолдау білдірген, бірнеше кәсіпкер азаматтарға шынайы ризашылығын білдіріп рахмет айтты.

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру